Беларусь Қ.Бәкиевті Қырғызстанның уақытша үкіметіне бермейді

None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасы орталықазиялық республиканың бұрынғы президенті Құрманбек Бәкиевті Қырғызстанға беруден бас тартты. БР Бас прокуроры Григорий Васильевич өз шешімін қырғыздың бұрынғы көшбасшысын экстрадициялауға «құқықтық негіздің» жоқ деген уәж айтты, деп хабарлайды РБК.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қырғызстанның уақытша үкіметінің Қ.Бәкиевті экстрадициялау туралы сұрауы елдің жаңа билігі үшін «пайдасыз және қорлау» деген еді.

Еске сала кетейік, Қ.Бәкиев Бішкек қаласында сәуірдің 7-сінде орын алған оқиғалар кезінде жаппай адам өлтіруді ұйымдастырған деп айыпталуда. Сондай-ақ, бұрынғы президентті қызметтік өкілеттілігін асыра пайдаланған деген де айып тағылуда.

Атап өтерлік жайт, Қырғызстан мен Беларусь арасында қылмыскерлерді экстрадициялау туралы Минск келісімі қолданыста жүр. Қ.Бәкиевті экстрадициялау туралы декрет сәуірдің 27-сінде қабылданып, оған үкімет басшысы Роза Отунбаева қол қойған еді. Осыған қарамастан, А.Лукашенко Қ.Бәкиевті «Белорусь мемлекеті мен президентінің қорғауында» деп жария еткен еді.