Беларусь каскадері Ван Даммның белгілі трюгін қайталады
10:52, 29 Желтоқсан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь каскадері және трюктарды қоюшы Денис Блохин қозғалыс үстіндегі екі «БелАЗ» жүк көлігінің арасында тұрып шпагатқа отырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «РИА Новости» агенттігіне сілтеме жасап.
Беларусь азаматы голливудтық актер Жан-Клод Ван Даммның бірнеше жыл бұрын Volvo жүк көліктері арасына шпагатқа отырған танымал трюгын қайталады. Блохин сол трюкты жүк көтергіштігі 160 және 180 тонна болатын карьерлік ауыр жүк көліктерімен қайталады.