НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Ұлттар лигасы үшінші турында Қазақстан сырт алаңда Беларусьпен ойнайды. Кездесуге алғашқы минуттан шығатын ойыншылар құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұлттық құрама бапкері Магомед Адиев бүгінгі матчта Игорь Шацкий, Нұралы Әліп, Ян Вороговский, Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров, Исламбек Қуат, Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Рамазан Оразов, Абат Айымбетов.
Беларусь бас бапкері Георгий Кондратьев алғашқы минуттан Павел Павлюченко, Кирилл Печенин, Руслан Юденков, Захар Волков, Руслан Хадаркевич, Роман Бегунов, Артем Быков, Евгений Яблонский, Макс Эбонг, Павел Седько, Иван Бахар сынды шәкірттеріне сенім артты.
Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның төртеуінде Беларусь жеңіске жетсе, біреуінде тең нәтиже тіркелді.
Аталған кездесу елорда уақытымен 00:45-те басталып, «Qazsport».
телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын С лигасы үшінші тобында Қазақстан Әзербайжан мен Словакияны 1:0 есебімен тізе бүктірді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.