«Мемлекет басшысы жарлық жобасындағы негізгі ережелермен келісті», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жарлықтың жобасымен отбасылық капиталға қатысты отбасыларға үшінші және одан кейін балалар туған жағдайда 10 мың доллар көлемінде бір жолғы ақшалай қаржы төлеу қарастырылып отыр.
«Отбасылық капитал құқығына 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін үшінші және одан кейінгі балалары туғанда немесе асырап алған жағдайда Беларусь азаматтыр ие болмақ», - деп түсіндірілген хабарламада.
Отбасылық капиталды тағайындау құқығы үшін жүгінген азаматтың тілегі үшінші және одан кейінгі балалардың туғани күнінен немесе асырап алған күнінен 6 ай ішінде жүзеге асырылады. Ол қаржыны пайдалану құқығы бала туған күннен бастап 18 жасқа толған кезде беріледі.