Беларусь палуаны бір мезгілде 15 МАЗ көлігін сүйреді

Фото: None
МИНСК. БЕЛТА – ҚазАқпарат – Беларусь палуаны Дмитрий Белайц МАЗ-дың қаз-қатар тізілген үшөстік 15 тартқышын орнынан жылжытып, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

Ол техниканы 7 м 20 см қашықтыққа екінші талпыныстан1 мин 0,75 секундта сүйреп апарды.Жүктің жалпы салмағы 157,5 т құрайды.

«Бұл рекорд Александр Григорьевич (Лукашенко – ред .)бастаған барша беларусьтықтарға арналады.Біз бірге мықтымыз, бізді ешкім жеңе алмайды», - деді Дмитрий Белайц.


Мұндай үлкен трюкті жасамас бұрын (алғаш рет жасалды) палуанұзақ уақыт жаттыққан.

«Басшылық көмектесті. Мен көптеген әлемдік компанияларданшақырту алдым, алайда Минскі автомобиль зауытын таңдадым. Бүгінде ол Беларусь халқының мақтанышына айналды.Қиыр Шығыс, Қазақстан, Украина елдері бізді МАЗдар арқылы бағалайды. Мақтанатындүниеміз баршылық», - деді Дмитрий Белайц.


Дмитрий Белайц – Беларусь күштік көпсайысфедерациясының құрметті өкілі және «МТЗ Сибирь» ЖШҚ бас директоры. Спортшы Гроненскі облысында дүниегекелген, ұзақ уақыт дзюдомен, самбомен айналысып, ұлттық құрамада ойнаған. Алкейін күштік экстриммен әуестенген. Бұған дейін серіктесі Михаил Шивляковпенбірге әлемдегі ең үлкен тракторды тартқан екен.


Соңғы жаңалықтар