Беларусь парламенттік сайлауға халықаралық байқаушыларды шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. БЕЛТА - ҚазАқпарат – Беларусь Республикасы СІМ қараша айында өтетін парламенттік сайлауға мониторинг жүргізу үшін халықаралық байқаушыларға шақыру жіберді. Бұл жөнінде сейсенбіде журналистерге Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін менСыртқы істер министрлігінен ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына, ТМД Атқарукомитетіне және ШЫҰ-ға хаттар жіберілгені туралы ақпарат алдым. Яғнихалықаралық ұйымдардың бақылаушылары шақырылып қойған», - деді Ермошина.

ОСК аздағануақыттан кейін Орталық комиссия өкілдері мен Корей Республикасының Дүниежүзілікұйымдастырушылар қауымдастығына шақыру жіберетін болады.

ЛидияЕрмошинаның айтуынша, шақыру хаттарын Белорусь Орталық комиссиясының өкілдерісайлау барысын байқауға барған елдердің Орталық сайлау комиссияларына жолдау жоспарланған.

«Бұл елдергеРесей Федерациясы, Украина, Молдова, Армения, Грузия, Әзербайжан, Қырғызстан,Қазақстан жатады – яғни ТМД-ға мүше барлық мемлекеттер, сондай-ақ, Украина,Грузия және Корея кіреді», - деді Лидия Ермошина.


Соңғы жаңалықтар