Бұл туралы БЕЛТА тілшісіне Беларус сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі хабарлады.
Комиссия жұмысына Беларус тарапынан сонымен қатар мемлекеттік басқару органдарының, іскер топтар мен аймақтардың өкілдері қатысуда. Отырысқа қатысушылар Беларус пен Қазақстан екіжақты байланыстардың дамуының Жол картасы іс-шараларының жүзеге асу барысын, жаңа бірлескен жобаларды жасау мен оларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен саласында байланыстарды одан әрі дамыту, аймақаралық байланыстар мәселелерін талқылайды.