Құжатқа Астанада 21-22 ақпан аралығында өтетін Беларусь-Қазақстан кеңесінде қол қойылады. Бұл туралы бүгін Беларусь СІМ Ақпарат басқармасының басшысы - баспасөз хатшысы Андрей Савиных мәлімдеді, деп хабарлады БЕЛТА.
Беларусь делегациясын Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Игорь Петришенко, қазақстандық делегацияны сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Қазыханов басқарады.
Шара барысында Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік, ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ, БҰҰ, ШЫҰ шеңберіндегі Белорусь-Қазақстан қатынастары талқыланады.
Сауда-экономикалық ынтымақтастық, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша беларусь делегациясы басшысының үкіметпен келіссөз жүргізуі жоспарланған.
Игорь Петришенко Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның қазақстандық тарабының төрағасы ҚР ТЖМ Владимир Божкомен кездеседі. Тараптар Қазақстанның индустрияландыру картасына беларусь өнеркәсіпшілері қатысатын жобаларды қосуды қарастыруды жоспарлап отыр.