Беларусь пен Павлодар кәсіпорындары құны 45 млн. доллар тұратын алты келісімге қол қояды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысына 2 қарашада ашылатын «Ертіс Инвест-2016» халықаралық форумына келген Беларусь бизнес-делегациясы бүгін облыстық Кәсіпкерлер палатасында өңірдің кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ӨКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстандағы Беларусь Республикасы елшілігінің сауда-экономикалық қызметі басшысы  Геннадий Клыганың сөзіне қарасақ, Павлодар облысы экономикалық ынтымақтастықты  дамыту үшін перспективалық өңір ретінде қарастырылады.  Беларусьтен келген қонақтар өңірге сапар шеңберінде 6 келісімге қол қою жоспарланып отырғандығын хабарлады. Негізінен бұлар машиналар, оларды одан әрі ҚР-да құрастыру үшін жабдықтар және комбайндар  жеткізу бойынша 45 млн. АҚШ доллары сомасына «Гомсельмаш» ААҚ мен «Агромашхолдинг» павлодарлық кәсіпорыны арасындағы меморандум болып табылады.

Кездесудің маңызды бөлігі Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы мен «Гомель-Ратон» еркін экономикалық аймағы әкімшілігі» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

«Осы келісім өңірлердің бизнес орталарының ынтымақтастығын дамытуды және іскерлік байланыстарды нығайтуға жәрдемдесуді болжайды. Бұдан басқа қолда бар әлеует пен инвестициялық мүмкіндіктерді есепке ала отырып, біз меморандум сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға себепші болатынына сенеміз. Жалпы, тиімді өзара бизнес-ынтымақтастықты арттыруға ықпал ететін болады», - деп ескертті облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Байсеитов.