Беларусь пен Таиланд арасында тікелей әуе рейсі ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Беларусь Сыртқы істер министрлігі Таиландпен тікелей әуе қатынасы құрылғаны туралы хабарлады. Минскіден Паттайяға алғашқы рейс орындалып үлгерді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Ұшудың ашылу салтанатына Беларусь Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Сергей Лукашевич қатысты.
Тайландта 9 қаңтар күні рейсті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Оған Беларусь Республикасының Вьетнамдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Владимир Боровиков, сондай-ақ Белавия әуе компаниясының ресми өкілдері куә болды.
Беларусь Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 11 қаңтарда Минск-Пхукет жаңа рейсін ашу жоспарланып отыр, бұл екі ел арасындағы тікелей ұшу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
Еске салайық, Air China әуекомпаниясы Алматы мен Чэнду Тяньфу (Қытай Халық Республикасы), Сычуань провинциясының әкімшілік орталығы арасында тікелей әуе қатынасын іске қосты.