Беларусь Президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

None
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады,

деп хабарлады белоруссиялық көшбасшының ғаламтор-порталы.

 «Сіздің Қазақстанның гүлденуі үшін атқарған сан қырлы қызметіңіз, үздіксіз еңбегіңіз ең жоғары бағаға лайықты», - деп атап өтті Беларусь басшысы.

 А.Лукашенко Н.Назарбаевқа денсаулық, амандық және жоғары мемлекеттік қызметінде табыстар тіледі.