Беларус президентін сайлау желтоқсанның 19-ы күні болуы мүмкін
14:01, 14 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат - Беларус парламентінің депутаттары ел президентін сайлауды желтоқсанның 19-ы күніне тағайындауға негізделіп отыр. Бұл ақпаратты сайлау науқанының желтоқсан айында өтетіндігін атай келіп, хабар беріп отырған ақпарат көзі таратып отыр, деп хабарлайды Утро. ру агенттігі.
Президентті сайлау күні бүгін өтіп жатқан парламент өкілдері палатасының кезектен тыс сессиясында белгіленеді деп күтілуде. Заң бойынша Беларус президентінің сайлануы келесі жылғы ақпанның 7-сінен кеш болмай өтуі керек.