Беларус президентінің қызметіне кірісу рәсімі өтті
19:00, 21 Қаңтар 2011
МИНСК. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Бүгін Минскіде Беларус Республикасының қайта сайланған президенті Александр Лукашенконың қызметіне кірісу рәсімі болды.
«Отаным мен халқым алдында адал болуға ант бере отырып, мен ең алдымен, сіздердің қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін алғыс айтқым келеді. Осы сағаттарда бізбен бірге болған мемлекеттерге, саяси көшбасшылар мен шетелдік достарымызға рахмет айтамын», - деді өз сөзінде Александр Лукашенко.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Беларус Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов қатысты.