Беларусь, Ресей және Украиналық құқық қорғаушылар Нобель сыйлығын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы жылы Нобель комитеті бейбітшілік сыйлығын Беларусь, Ресей және Украина кандидаттары арасында бөлуге шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Биыл Нобель сыйлығының жалғыз жеке иегері беларусьтық құқық қорғаушы, «Вясна» құқық қорғау орталығының төрағасы, «Ар-ұждан тұтқыны» Алес Беляцкий болды. Сонымен қатар, 2022 жылғы бейбітшілік сыйлығын екі құқық қорғау ұйымы бөлісті. Олар: Ресейдің «Мемориал» орталығы және Украинаның азаматтық бостандықтар орталығы.

Өткен жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы филиппин журналисі Мария Ресса мен ресейлік журналист, «Новая газетаның» бас редакторы Дмитрий Муратовқа берілген болатын.

Мұратовтан басқа Ресейде КСРО-ның соңғы басшысы Михаил Горбачев (1990 жылы) «Шығыс пен Батыс арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертудегі жетекші рөлі үшін» және құқық қорғаушы, ғалым Андрей Сахаров (1975 жылы) «Кеңес Одағында адам құқықтары үшін күрес, қарусыздану және халықтар арасындағы ынтымақтастық үшін» алды.



Фото: euronews.com