2026–2027 оқу жылына Қазақстан Республикасының азаматтарына «Бакалавриат» білім беру бағдарламасы бойынша «Өнер және гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат», «Бизнес, басқару және құқық», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағыттары бойынша 1 грант бөлінді.
Құжаттарды 2026 жылғы 15 мамырдан бастап 2026 жылғы 22 мамырды қоса алғанда «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да қолма-қол тапсыруға болады.
Айта кетелік Вьетнамда білім алу үшін 3 білім гранты бөлінгені туралы жазған едік.