туралы нұсқауларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерғали Бөлегенов 23-24 мамыр аралығында Брест облысына сапармен барды. Бұл туралы ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапардың басты мақсаты - облыс басшылығымен танысу, сондай-ақ біздің облыстар арасында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі реттеу мен күшейту контекстінде аймақтың әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау, осы уақытқа дейін іске тартылмаған бірлескен жұмыстың жаңа бағыттарын айқындау.
Брест облысының губернаторы К.Сумармен, Еркін экономикалық аймақ әкімшілігінің басшысы В.Невдахпен, Беларусьтік сауда өнеркәсіптік палатасының Брест қаласындағы бөлім директоры В.Лабунмен, кәсіпорындар жетекшілерімен келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі векторлары белгіленді.
Брест облыстық атқарушы комитетінің төрағасымен әңгіме барысында қазақстандық компаниялар жекешелендіру үдерісіне қатыса алатын облыстың өнеркәсіптік нысандарының тізімін ұсыну туралы келісімге қол жеткізілді, әрі бірлескен жұмыс пен практикалық орындауға арналған нақты 2-3 жоба анықталды.
Екі ел арасындағы іс жүзіндегі шарт-құқықтық базаны талқылау кезінде Брест облысы мен сәйкесінше Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары арасындағы негіз қалаушы келісімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу қажеттігін ескере отыра, оларды қайта қабылдауға келісілді.
Сапар аясында Қазақстан Елшісі «Гефест» кәсіпорны, «Савушкин продукт» ААҚ-ы және облыстың басқа да өндірістік нысандарының жұмысымен танысты.
Нақты осы аймаққа сапар жасау Брест облысының шекарамен Еуропаға шектес ерекше орналасуымен және Біртұтас экономикалық кеңістік қызметін есепке ала отыра, Қазақстан үшін ЕО нарықтарына тікелей шығу мүмкіндіктерімен түсіндіріледі.