Беларусь СІМ Түркияда дипломаттың жарақат алуына қатысты түсінік берді

Фото: None
АНКАРА-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь сыртқы істер министрі Владимир Макей елдің Түркиядағы Елшілігі қызметкерінің жаралануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиғаға оқ атқан адамның аулада ойнап жүргенбалалардың әрекетіне наразылығы себепші болуы мүмкін. Беларусь бас дипломатыныңмәлімдемесі осындай.

Еске сала кетейік, 24 шілде күні кешкісін ТүркиядағыБеларусь елшілігінің кеңесшіне үйіне қайтып келе жатқан кезде белгісіз біреу оқатқан. Дипломат баласымен бірге болған, ол зардап шеккен жоқ. Шабуылды бұрынәскери қызметші болған психикалық ауытқуы бар адам жасаған. Қылмыскер шабуылжасағаннан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

«Қазір егжей-тегжейлі тексеріс жүріп жатыр. Біздіңше,мұның ешбір саяси астары жоқ. Аулада ойнап жүрген балалардың әрекетіне наразыболған адам ашуға бой алдырған болу керек», - дейді Макей.

Оның айтуынша, әлі тас түйін қорытынды айтуға ертерек.Министр, сонымен қатар шұғыл көмек көрсеткені үшін Түркия тарапына алғысбілдірді.

Айта кетейік, Беларусьтың Түркиядағы елшісі АндрейСавиных жараланған дипломат есін жиғанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар