Бұл құжат сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жауапкершілік шараларын күшейту мақсатында жарияланды. Декретке сәйкес, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандар мерзімінен бұрын шартты босатуға немесе жазаның өтелмеген бөлігін жеңілдетілген тәртіпке ауыстыруға ұсынуға жатпайды.
22:07, 10 Мамыр 2019
Беларусь сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейтуде
МИНСК. ҚазАқпарат-БЕЛТА - Беларусь Президенті Александр Лукашенко 10 мамыр күні «Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қосымша шаралар туралы» №3 декретке қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.