Беларусьта аптап ыстықтың салдарынан қауіптің «қызғылт» деңгейі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьта аптап ыстықтың салдарынан 10 және 11 тамыз күндері қауіптің қызғылт деңгейі деп жарияланды, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

9 тамыз, сәрсенбі күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Түнде және таңертең жекелеген аудандарда баяу тұман болуы ықтимал. Оңтүстік шығыстан соққан жел жылдамдығы 4-9 м/с, күндіз кей жерлерде желдің ұйытқуы 14 м/с-қа дейін көтеріледі. Ауа температурасы түнде 8-14 градус нөлден жоғары, күндіз - плюс 23-29 градус болады.

10 тамыз, бейсенбі күні оңтүстік батыста, ал жұма, 11 тамыз күні елдің басым бөлігінде ауа температурасы 30-34 градусқа дейін жылиды.