Беларусьтағы жарылыс, зардап шеккендер бар
16:31, 22 Мамыр 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтағы Минск ауданының Королев Стан елді мекеніндегі НПО "Алкид" әкімшілік-өндірістік ғимаратында жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЕЛТА-ға сілтеме жасап.
ТЖМ Минск облыстық басқармасының ресми өкілі Анастасия Швайбовичтің айтуынша, Королев Стан елді мекенінің ғимаратындағы жарылыс туралы хабар жергілікті уақытпен 8.55-те түскен. Арнайы техника жіберіліп, апат орнында құтқарушылар жұмыс жасап жатыр, - деп мәлім етті Анастасия Швайбович.