Елді мекен орталығындағы автостансада ер адамға қасқыр шабуылдағаны туралы ақпарат жергілікті тәртіп сақшыларына 2 қаңтар күні таңғы алты жарымдар шамасында түскен. Жыртқыш ер адамның қолын тістеп, қашып кеткен. Араға 40 минут салып, жыртқыштың елді мекеннің шетіндегі жанармай құю бекетінің маңында жортып жүргені туралы хабар келеді. Ол жерде тағы бір адамның қолын жарақаттап кеткен», - дейді Гомель облыстық ІІБ ресми өкілі Виталий Пристромов.
Оқиға орнына шұғыл жеткен милиция қызметкерлері мен аңшылар бөріні таба алмаған. «Қазір аңшылар жыртқышты залалсыздандырудың қамын жасап жүр», - дейді ІІД ресми өкілі. Зардап шеккен ер адамдарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, арнайы екпе салынды.