Елдің ІІМ сайты таратқан ақпарат бойынша. Беларусь еліне уақытша келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар жайлы мәліметтер 1 қазаннан бастап, ІІМ-інің ақпараттық ресурстары (жүйе) немесе жалпымемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі электрондық қызметтердің бірыңғай порталы арқылы берілуі тиіс.
Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап, мұндай ақпараттарды тапсыру мерзіміне де өзгеріс енгізіледі. Оы тапсыру шетелдік қонақ үйге орналасқаннан кейін 24-тен 3 сағатқа дейінгі аралықта жүзеге асыру міндеттелген. Көрсетілген мерзімге дейін ақпарат бұрынғыша беріледі.
Ақпараттарды ұсыну тәртібі 2017 жылдың 1 қазанында «Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы» заңға енгізілген өзгерістің күшіне енуіне байланысты өзгерді.