Бұл туралы Беларусь Президенті Александр Лукашенко Минск қалалық балалар инфекциялық емханасының еңбек ұжымымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды қазАқпарат БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
А.Лукашенко елде вакциналау үшін әртүрлі өндірушілердің 5-6 вакцинасын қолдану жоспарланғанын түсіндірді. Ең алдымен, олар Беларусь сатып алуды жоспарлап отырған отандық кәсіпорындарда өндіретін ресейлік вакцинаны егуді бастайды. Сондай-ақ басқа елдер мен өндірушілердің вакциналарымен салдыруға мүмкіндік туады. Бұл қай вакцинаның тиімді екенін анықтауға көмектеседі.