26 мамыр күнгі деректер бойынша, Беларусьте COVID-19 диагнозы расталған 15086 пациент сауығып, ауруханадан шығарылды.
Беларусь Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 38 059 адамның COVID-19 вирусына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Елде барлығы 472 906 тест тапсырылды.
Жалпы ел аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған 208 науқас көз жұмды.