Беларусьте президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін

Фото: None
МИНСК. БЕЛТА-ҚазАқпарат – Беларусь Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Лидия Ермошина ОНТ телеарнасының «Контуры» бағдарламасына берген сұхбатында елде президент сайлауы 2020 жылы 30 тамызда өтуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА-ға сілтеме жасап.

ОСК төрағасы мемлекет басшысынсайлауға тиімді уақыт көктем болып табылатынын айта келе: «Біздеқараша айында сайлау өтеді, желтоқсанда жаңа парламент қалыптасып үлгереді. Бұлдегеніміз, үш айдан кейін президент сайлауын белгілеу керек болады. Ал ондамұналарды не үшін ауыстырдық?», - ол.

«Президент сайлауы Конституцияда белгіленгенмерзімде өтеді деп ойлаймын. Яғни, 2020 жылғы тамыздың 30-ы. Меніңше, бұл датаныБеларусь Республикасы Президентінің сайлауы өтетін күн деп атауға болады», -деді Лидия Ермошина.

Оның айтуынша, бұл, бір жағынан әлі де жазмезгілі. Екінші жағынан, 30 тамыз – халық еңбек демалыстарынан оралатын,студенттер ЖОО-ға орналасып үлгеретін уақыт. Яғни, сайлаушылар тіркелген жерлеріндеболады. «Бірақ бұл қазір болжам ғана», - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, Беларусь басшысы АлександрЛукашенко 2019 жылы Өкілдер палатасы мен Республика Кеңесіне сайлау өтетінін,ал президент сайлауы 2020 жылы болатынын мәлімдеген еді.

Соңғы жаңалықтар