Беларусьте сақтандыру және туристік қызметтер ақысы тек ұлттық валютамен алына бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыздан бастап Беларусь Ұлттық банкі валюталық операциялар субъектілеріне жеке тұлғалармен сақтандыру және туристік қызметтерді іске асыру кезінде шетелдік валютамен есеп айырысуға жеке рұқсаттар беруді тоқтатты. Бұл осы елдің Ұлттық банк басқармасының 3 ақпандағы №47 қаулысымен қарастырылған, деп хабарлайды БЕЛТА.

Аталмыш құжатқа сәйкес, енді барлық маркалар автомобильдер жанармай, дизельдік отын мен сұйытылған газ үшін, сондай-ақ "М", "М/Е" белгілерімен таңбаланған республикалық көлік жолдарындағы бөлшек сауда нысандары мен Беларусь мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу бекеттерінде Беларусь рублімен есеп айырысады.

Ұлттық банк басқармасының №47 қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне еніп, 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін өз күшінде болады.

Елдің Ұлттық банкінде атап өткендей, Беларусь аумағында есеп айырысуды жүргізу кезінде шетелдік валютаны пайдалануды азайтудың мұндай шаралары тұрғындар мен шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютаға деген сенімдерін арттырып, ішкі тұтынушылық нарықты қорғау мақсатында қолданылуда.