Жүргізушілер шабындық жермен жүріп, сондай-ақ су бөгеттері мен қолдан жасалған кедергілерді еңсеріп, өз техникаларының қуаттылығын сынады.
Жарысты ұйымдастырудың мақсаты - тракторлардың ерекшеліктерін көрсетіп, өнеркәсіптердің беделін көтеру.
«Бұл үш трактор зауыттан жаңа шығарылған. Су жаңа техниканы жүргізушілер бір жыл бойы пайдаланылған көліктермен бірге жарысқа алып шықты. Бұл арқылы біз Ресейде, Қазақстанда және Беларусьте құрастырылған тракторлардың қуаттылығын көрсетуді мақсат еттік», - Минск трактор зауытының директоры Федор Домотенко.
Дереккөз:«Хабар 24» арнасы