Мұндай ақпарат ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданованың Telegram-арнасында жарияланды», – деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА БЕЛТА агенттігіне сілтеме жасап.
«Кейбір Telegram-арналар мен интернет-сайттар ішкі істер органдарының қызметкерлерін I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен (№305 жарлық) марапаттау туралы ақпаратты бұрмалауға тырысты. Бұған түсініктеме бере кетсек, аталған қызметкерлерді марапаттау үшін материалдар белгіленген тәртіппен Министрлер кеңесіне 2020 жылдың наурыз айында жіберілген. Олардың әрқайсысына марапаттау парағы рәсімделіп, мемлекет пен халық алдында құқық қорғау саласына сіңірген еңбегі, елдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ ішкі істер органдарының барлық қызмет кезеңіндегі дамуына қосқан жеке үлесі бағаланды», – делінген хабарламада.
Ведомстовада айтылғандай, «Мінсіз қызметі үшін» медалімен тиісінше 10, 15 және 20 жыл мінсіз қызмет атқарған ішкі істер органдарының басшылары және қатардағы сарбаздар, әскери қызметшілер марапатталады.