Беларусьтың 50 ауданында орманға баруға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусьтың 50-ден астам ауданында орманға баруға тыйым салынды, деп хабарлайды БЕЛТА Орман шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Беларусьта ормандарды келушілер үшін жаппай жауып жатыр. Себеп -өрт шығу қаупі. 2 маусымдағы жағдай бойынша  Гомель, Брест, Гродненск және Витебск облыстарының 50-ден астам ауданында шектеу енгізілді»,-деп түсіндірді ведомостводан.

Атап айтқанда,ормандарға азаматтардың баруына, сондай-ақ қызметтік көліктен басқаларының кіруіне тыйым салынып отыр.