«Бұл шешім оларды даярлауға жұмсалатын мемлекет шығындарын қысқару мақсатында, олардың қолма-қол ақша айналымындағы қажетсіздігінен туындап отыр», - делінген елдің Ұлттық банкінің ақпарат басқармасының хабарламасында.
2000 жылғы үлгідегі 10 және 20 беларус рубльдері номиналының банкноттары 2013 жылғы 28 ақпанға дейін айналыста жүреді. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ұсақ купюраларды комиссиялық алымсыз ірі ақшаға айырбастауға болады. 2014 жылғы 31 наурызға дейін оны елдің барлық несие мекемелерінде, ал одан кейін - Ұлттық банкте ғана жүргізуге болады.
2011 жылғы қаржы дағдарысы Беларуста жергілікті валютаны үш есе девальвацияға ұшыратты. Ұсақ купюраларды басып шығару олардың өз құнынан асып кететін болды. Бұдан басқа, елде ақша массасы шамадан тыс көп болуы есеп айырысуда қиындықтарды туындатты.
2012 жылдың басында 200 мың рубльдік жаңа купюраның айналымға шығарылатыны белгілі болды. Сол кезде ұсақ банкнотты айналымнан шығару туралы шешім жарияланды.