деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара Алматы қалалық ардагерлер кеңесі мен Қазақстан коммунистік халықтық партиясының қалалық комитетінің ұйымдастыруымен өтті.
Шара барысында Беларус және Украина мәдени орталығының көрмесі болды, сондай-ақ ардагерлердің жастық шағындағы әндері шырқалып, үрлемелі аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, әдеби қойылымдар қойды. Сонымен қатар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылды.
«Соғыс басталған кезде артиллериялық училищеде жүрген кезім болатын. 1943 жылы ақпанда Москвадан 200 шакырымдық жердегі Ржек деген қаладан соғысқа аттандым. Беларус жерінде Погротен деген әскери құпия бағдарламаның құрамында болып, сол жерде жарақат алдым. Дегенмен, Беларус, Украина жерлерін 1944 жылы толығымен азат еттік», дейді Ұлы Отан соғысының ардагері Орынғали Есенғазиев.