Көлікке мас күйінде отырып, салдарынан екі немесе одан да көп адам қаза болған автокөлік иелеріне қатысты қатаң шара белгіленген. Мұндай жүргізушілерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Осыған дейін мұндай қылмыс үшін 3 жылға түрмеге қамалатын. Жаңа заң тек Беларуссия азаматтарына ғана емес, сонымен қатар шетелдіктерге де қолданылатын болады.
МАИ мәліметі бойынша, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында 20 мыңнан аса мас жүргізуші ұсталған, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.