Беларуста күшті жел, нөсер жаңбыр және бұршақ жауып, 450-ден астам елді мекен жарықсыз қалды

МӘСКЕУ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат - Беларустың 450-ден астам елді мекендері өткен тәулікте күшті желдің, нөсер жаңбырдың және бұршақтың салдарынан жарықсыз қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Республиканың Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Минск, Могилев және Гомель облыстарының бірқатар аудандары зардап шекті. Табиғи апат салдарын жоюға апаттық-құтқару қызметтерінің едәуір күштері: 400-ге тарта адам және жүзден астам техника тартылды. Соның нәтижесінде бүгін 300-ге жуық елді мекендерді электрмен жабдықтау қамтамасыз етілді. Үшінші тәулікке созылған күшті жел, нөсер жаңбыр және бұршақ Минск, Могилев және Гомель облыстарының аудандарына елеулі зиян келтіруде.