Беларусте «Мызғымас бауырластық-2016» жаттығуына ҰҚШҰ елдерінен 1 мыңнан астам әскери қызметші қатысады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бітімгерлік күштерімен 23-27 тамыз аралығында «Мызғымас бауырмалдық-2016» жаттығуы өтеді, деп хабарлады БЕЛТА.

«Жаттығуға ҰҚШҰ-ға мүше барлық алты мемлекеттен (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан) қарулы күштер, ішкі әскер құрамынан мыңнан астам офицерлер,  бітімгер сарбаздар, полиция өкілдері, 500 бірліктен астам авиациялық, бронетанк, автомобиль техникасы қатысады», - делінген хабарламада.

ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдиновтің айтуынша, жаттығу ағымдағы жылы ҰҚШҰ күштерінің түрлі компоненттерін бірлескен жедел және жауынгерлік дайындауда маңызды орын алмақ.  Бұл жоспарлы, бесінші рет өтіп отырған ҰҚШҰ бітімгерлік жаттығуы Барановичи ауданында Обуз-Лесновск әскери полигонында өтеді.