БелАЗ басып өткен көлікте болған үш жұмысшының жағдайы қалай - дәрігер анықтамасы

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды дәрігерлері «Молодежный» разрезінде «БелАЗ» жүк көлігінің астында қалып қойған жұмысшылардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 тамызда Осакаров аудандық ауруханасына үш жұмысшы түсті. Олардың екеуі жеңіл жарақат алған. Дәрігерлердің тексеруінен кейін олар амбулаториялық емделуге жіберілді. Үшінші науқасқа жіліншік сынған, сол жақ жамбас шыққан деген диагноз қойылды. Ол дәрігерлердің бақылауында», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 28 тамызда «Молодежный» разрезінде «БелАЗ» автокөлігінің жүргізушісі бұрылған кезде кеніш қызметкерлері мінген «УАЗ» көлігін басып өткен.

Оқиға салдарынан 1982 және1985 жылы туған екі жұмысшы оқиға орнында көз жұмып, үшеуі ауруханаға жеткізілген болатын.