Бірнеше метр жерге ұшып кеткен доңғалақ сол маңайда тұрған Toyota Сorolla автомобилінің төбесіне құлады. Абырой болғанда, машинаның ішінде адам болмаған және ешкім зардап шеккен жоқ. Быт-шыты шыққан шетелдік маркалы машина енді қайта жөндеуге келмейді.
02:41, 01 Мамыр 2017
БелАЗдың жарылған доңғалағы Toyotaны жермен-жексен етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Кемерово облысында БелАЗдың ағытылып алынған үлкен доңғалағына ауа үрлеп жатқан кезде жарылып кетті. Жүк көлігіне техникалық қызмет көрсеткен жұмысшылар камерадағы қысымды дұрыс есептемеген.