Белфасттағы тәртіпсіздік нәтижесінде 30-ға жуық полицей жараланды

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландия астанасында жексенбіге қараған түнде орын алған тәртіпсіздіктер нәтижесінде кем дегенде 29 полицей жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Sky News телеарнасына сілтеме жасап.

Қақтығыс Ұлыбритания құрамында қалуды жақтаушылар мен Ирландияға қосылуды қалайтындар арасында орын алды. Барлығы желтоқсан айынан бері сәт сайын тұтанып отырған тәртіпсіздіктер салдарынан 70-тен астам полицей жарақат алған, 100-ден аса адам қамалды.