Белгіленген мерзімде елден шығып кетуден жалтарған 77 азамат жазаланады - ҚР ҰҚК Шекара қызметі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шекарашылар бір тәулік ішінде белгіленген мерзімде елден шығып кетуден жалтарған 77 азаматты - Қытайдың 27 азаматын және Өзбекстанның 50 азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, «Жолаушылар» бөлімі «Қорғас» өткізу пунктінің шекара наряды ҚХР-дың 27 азаматын ұстады. Ұсталғандар тұрғылық мекендеріне қайтып бара жатқан.

Қазіргі уақытта заң бұзушылардан келу туралы міндеттеме алып босатып жіберілді, оларды Панфилов аудандық сотына жіберу жоспарлануда.

Сарыағаш шекара жасағы «Қапланбек» өткізу пунктінің наряды Өзбекстанның 50 азаматын да белгіленген мерзімде шығып кетуден жалтарғаны үшін ұстады.

Жалтарушыларды Сарыағаш қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына тапсыру жоспарлануда.