Белгілі актер және режиссер Донатас Банионис дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 91 жасқа қараған жағында белгілі литвалық актер және режиссер, КСРО халық әртісі Донатас Банионис дүниеден өтті. Бұл туралы DELFI басылымына оның ұлы Раймундас мәлім еткен, деп хабарлады Лента.ру.

Актер ауруханада көз жұмған. Соңғы кезде Банионисті жүрек сырқаты меңдеткен болатын. «Екі күн бұрын инсульт соқты», деді Раймундас. Басылымның атап өтуінше, 2008 жылы оның зайыбы Онуте қайтыс болған еді, осыдан бастап, оның денсаулығы сыр бере бастады. Оған жүрек стимуляторын қойды, одан кейін ұзақ уақыт сауықтыру курсынан өтті.

Донатас Юозович Банионис 1924 жылы Каунаста туған, 1940 жылы ол режиссер Юозас Мильтинистің труппасына қосылды, одан кейін Паневежиске орнықты. Осы шағын театрдың сахнасында ол 60 жыл еңбек етті. Оның басты рөлдері «Макбеттегі» Банко, «Гедде Габлердегі» Тесман, «Коммивояжердің өліміндегі» Ломен.

Банионис 1959 жылы алғаш рет «Адам кісі болғысы келеді» деген фильмге түсті. Ал алғашқы КСРО Мемлекеттік сыйлығы оған Витаутас Жалакявичюстің «Ешкім де өлгісі келмеген еді» (1966) фильміндегі рөлі үшін берілді. 1969 жылы Савва Кулиштің «Өлі маусым», 1971 жылы Григорий Козинцевтің «Король Лир», 1972 жылы Андрей Тарковскийдің «Солярис», 1975 жылы Михаил Швейцердің «Мистер Мак-Кинлидің қашуы» (тағы бір Мемлекеттік сыйлық) фильмдеріне түсті.