Белгілі американдық боксшы Дарнелл Бун Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Андре Уордты нокдаунға жіберген, бірінші айқаста Адонис Стивенсонды нокаутқа жіберген белгілі американдық боксшы Дарнелл Бун (21-21-4, 10 КО) WBA Super World нұсқасы бойынша орташа салмақтағы (72,6 келіге дейін) әлем чемпионы Геннадий Головкинмен (33-0, 30 КО) жекпе-жекке шыққысы келетінін жеткізді.

Өз кезегінде Головкиннің кешегі қарсыласы кіші Уилли Монроны жеңген 35 жастағы американдық қазақстандық нокаутермен күш сынасып көруге аңсары ауғанын жасырмады, деп хабарлады Sports.kz. «Геннадий Головкинмен айқасқа шыққым келеді. Скептиктердің көпшілігі бір нәрсені түсіне бермейді - мен аса мықты Огайо штатындағы Янгстаун жеріненмін. Біз өліспей беріспейміз. Өз жолымда орташа салмақтағы кез келген чемпионды сұлата алатыныма сенімдімін. Головкин осыны біле жүрсін», - деп мәлім етті Дарнелл Бун. Американдық боксшы қазір орташа ауыр салмақ дәрежесінде (79,4 келіге дейін), соңғы жарты жылда уақытынан бұрын екі рет жеңіске қол жеткізді. Желтоқсанда колумбиялық Дионисио Миранданы нокаутқа жіберсе, 2015 жылғы сәуірде жеңіске үміткер ретінде рингке шыққан өз отандасы Филлип Джексон Бенсонды тоқтатты. Головкинмен айқасқа шығу үшін Дарнелл Бун мансабының көп бөлгін өткізген орташа салмаққа қайта түсуге әзір екендігін жеткізді.