Бұл туралы КТК телеарнасындағы «Халық қызметшісі» бағдарламасына сұхбат берген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев айтты.
«Егер қарар болсақ, бүгінде біз Дүниежүзілік банктің бағалауынша «Дуинг бизнес» бойынша дәл осы құрылыс бизнесінде аталған банк мониторинг жүргізетін 187 елдің ішінде 155-ші орындамыз. Яғни, іс жүзінде соңындамыз. Процедура, қиын әрі ұзақ», деді ол.
Б.Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі таңда жобаларды мемлекеттік сараптау сызбасын өзгерту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Өйткені бүгінде мемлекеттік сараптамадан тіпті сапасы өте төмен жобалар да өтіп кетуі мүмкін. Жалпы дамыған мемлекеттерде мемлекеттік сараптама деген жоқ. Сондықтан қазіргі уақытта Қазақстанда жобалардың белгілі бір түрлерінің сараптамасын нарықтық ортаға беруге де болады. Ал мемлекеттік сараптамадан жұмыстардың тек белгілі бір түрлері ғана өтеді.
Сонымен қатар Премьер-Министрдің бірінші орынбасары қазіргі таңда мемлекеттік сараптама көмегімен жобаны өзгертіп, барынша қымбат жасауға да болатындығын атап өтті.