Белгілі бразилиялық футболшы Роналдо ойыншы ретіндегі карьерасын жалғастыруы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия құрамындағы 2 дүркін әлем чемпионы 38 жастағы шабуылшы Роналдо АҚШ-та футболшы карьерасын жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы бразилиялық Estadao сайтынан хабарланды.

Роналдо өзі иелерінің бірі болып табылатын америкалық "Форт-Лодердейл Страйкерс" клубының құрамында шеберлігін көрсетеді деп күтілуде.

"Құраманы құрастыруда және клубтың дамуына септесетін шараларға белсенді қатысамын. АҚШ-та футбол жаңа деңгейге көтеріліп келе жатқанын нық сеніммен айта аламын ", - деді бұрынғы форвард.

Роналдо - бразилиялық футболда аты аңызға айналған футболшы. Екі дүркін әлем чемпионы, ФИФА нұсқасы бойынша үш дүркін әлемнің үздік футболшысы атанған.