Белгілі футболшы жаттығудағы жүрек талмасынан кейін көз жұмды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Жапонияның футболдан ұлттық құрамасының бұрынғы қорғаушысы Наоки Мацуда 2 тамыз күні жаттығу кезінде болған жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды РБК агенттігі.

34 жастағы спортшы Мацумото қаласының ауруханасында көз жұмды, деп хабарлайды АР. Футболшы ес жимастан қайтыс болған.

Мацуданы командаға әкелген Жапония құрамасының бұрынғы бас жаттықтырушысы, француз Филипп Труссье футболшының отбасына көңіл айтып, оның кенеттен қайтыс болғаны қатты қайғыртқанын жеткізген. Сондай-ақ ФИФА президенті Зепп Блаттер де ойыншының жақындарына көңіл айтты.