ОРАЛ. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Белгілі ғалым, Алматыдағы «Арыс» баспасының директоры, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Ғарифолла Әнес филология ғылымдарының докторы атағын иеленді.
Ғалым докторлық диссертациясын 2010 жылы 20 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мәтін кеңістігі: семантикалық, этимологиялық аспект» деген тақырыпта қорғаған болатын.
Ғ.Әнес саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорына жиырма жылға жуық уақыт бойы басшылық етіп келеді. Аталмыш қор мен баспа осы мерзім ішінде жазықсыз жазаланып, ел жадынан өше бастаған біртуар қайраткерлердің, ақын-жазушылардың, өнер адамдарының мұрасын жинастырып, кітап етіп шығарды. Баспадан сондай-ақ көптеген облыс, аудан энциклопедиялары, әдеби шығармалар, сөздіктер жарық көрді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).