Белгілі кеңшар басшысы, Социалистік Еңбек Ері В.Шубиннің туғанына 90 жыл толды

None
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Белгілі кеңшар басшысы, Социалистік Еңбек Ері Виктор Шубиннің (1919-1997) туғанына 90 жыл толды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Краснояр өлкесінде дүниеге келген ол Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітіргеннен кейін Қазақстанда қызмет етті. Әсіресе, 1950 жылдан кейінгі ғұмыры Батыс Қазақстанмен тығыз байланысты болып, осы өңірде жарқын із қалдырды. 1954 жылдан 117-нші жылқы зауытының негізінде ұйымдастырылған «Правда» газеті атындағы кеңшарды үздіксіз басқарып, оны бүкіл Одаққа әйгілі етті. Төрт мәрте Ленин, Қазан революциясы және басқа ордендермен марапатталған В.Шубинге өндірістегі аса жоғары көрсеткіштері үшін Социалистік Еңбек Ері атағы да берілді. Қазіргі кезде Орал қаласындағы көшелердің бірі В.Шубин есімімен аталады.