Белгілі композитор Гүлнар Даукенованың алғашқы ән жинағы жарық көрді

None
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Республикалық конкурстардың лауреаты, белгілі композитор Гүлнар Даукенованың жаңа ән жинағы жарық көрді. Бүгін Алматыда арнайы баспасөз мәслихаты өтіп, әнжинақ көрерменге таныстырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жинаққа композитордың 2 күй, 16 әні енгізілген. Бұлардың қатарында Мәдина Ералиеваның орындауында жұртшылыққа танымал болған «Сағындым сағым жылдар», «Қайран уақыт», «Қош енді, қош бол, күрең күз», сондай-ақ Мақпал Жүнісова, Нұрғали Нүсіпжанов, Бағдат Сәмединова, Сұлушаш Нұрмағанбетова, Шакизада, Жанар Айжановалардың орындауындағы «Анашым», «Шыңдағы шынарым-ай», «Жан сырым», «Құштар көңіл» атты әндері бар.

Жинаққа композитор әндерін халыққа танытқан, халқымыздың сүйікті әншісі Мәдина Ералиеваға арналған «Мәдина», сондай-ақ ең алғашқы күйі «Жасай бер, Қазақстаным» енгізілген. Бұған дейін Гүлнар Даукенованың «Сағындым сағым жылдар» атты ән-күй жинағы 2006 жылы «Өнер» баспасынан, 2008 жылы «Бастау бұлағым» атты кітабы жарық көрген болатын.