Қаржы полициясы қызметкерлері анықтағанындай, бүгінгі таңда Қазақстанда «Olimp.KZ букмекерлік кеңсесі» ЖШС-на тиесілі 409 «Олимп» кассасы тіркелген. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың нәтижесіне қаржы полицейлері Олимп букмекерлік кеңсесінде 400-ден астам кассада салық салынатын кірісті жасырудың жолға қойылған жүйесін анықтады. Алдын ала мәліметтер бойынша, салық органдарынан жасырын ұсталған кірістің жалпы көлемі 300 млн. теңгеден асады. Аталмыш факті бойынша ірі көлемде салықтан жалтарды деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар алаяқтық фактісі бойынша ұтып алған ұтыстарын «Олимп» кассаларынан ала алмаған азаматтардың шағым-арыздары да тексеріліп жатыр.
11:46, 09 Қаңтар 2014
Белгілі Olimp.KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы
АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Қаржы полициясы департаменті ірі көлемде салық төлеуден жалтарды деген күдікпен Olimp.KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлады.