Бұл туралы агенттік өкілдеріне режиссердің әйелі Галина Данелия хабарлаған.
«Георгий Николаевич Данелияның қазір ғана жүрегі тоқтап, өмірден озды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін барын салып еді», - дейді Г. Данелия.
Ақпан айында режиссер өкпесі қабынып ауруханаға жатқызылып, медикаментоздық комаға түскен болатын.
Кейінірек Галина Данелия жұбайының комадан шыққанын жеткізген, алайда режиссер аурудан толық айығып кете алмады.
Ол киносүйер қауымға «Мимино», «Кин-дза-дза», «Афоня» секілді көптеген танымал фильмдерді тарту етті.