Белгілі режиссерге үш баласы үшін 1,2 млн. долларға айыппұл тағайындалды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытайлық режиссер Чжан Имоу мен оның зайыбы ұзақ уақыт бойы үш баласы бар екендіктерін жасырып келген.

Әлемге танымал режиссер, сценарист әрі продюсер Ч. Имоуге отбасын жоспарлау туралы заңды бұзғаны үшін 7,48 млн. юань көлемінде ($1,2 млн.) айыппұл тағайындалды.

62 жастағы кино қайраткері мен қазіргі зайыбы Чэнь Тин желтоқсанда ресми түрде бұл фактіні мойындады. Олардың екі ұлы мен бір қыз баласы бар екен.

Бұл балалар аталған жұптың 2011 жылы некеге тұрғанға дейін өмірге келген.