Кеңестік дәуірдің танымал дикторы Юрий Левитанның шәкірті болған Дүкеш Бәйімбетов «Останкино» МТРК-інде, Қазақстандағы «ОРТ» телекомпаниясында жемісті қызмет атқарып, орталық телевидение мен бүкілодақтық радиода меншікті тілші болып қызмет жасаған. Білікті журналист сондай-ақ «Хабар» агенттігіндегі «Жеті күн» бағдарламасын, «Қазақстан» теларнасындағы Алматы жаңалықтар бюросын басқарған. Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған Дүкеш Бәйімбетов -«Кадрдің артында не қалды?» кітабының авторы.
Марқұммен қоштасу 31 қаңтар күні сағат 11.00-де «Қазақстан» ТРК ғимаратында болады.